“Қалаулым” бағдарламасының жүргізушісі Аша Матай қысқы демалысқа, Мысыр еліне кетті. Алайда, бағдарлама жұмысы қызу жүріп жатыр.
Аша Матайдың орнына жүргізушілік тізгінін ұстаған әнші Зарина Омарова екен. Әнші тікелей эфирде 3 сағаттық бағдарламаны жүргізу қиындығын өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
“Тікелей эфир түгілі, мерекелік концерттердің тізгінін ұстап көрмеген маған, осындай тосынсый жасаған ұйымдастырушылардың сенімін ақтай алар ма екенмін деп, өзім де уайымдағанымды жасырмаймын. Сіздер бәрін сезетін, көздеріңіз ашық жандар болғаннан кейін, байқамауларыңыз мүмкін емес әрине. Сын айтқан жандарға да, түсініп, демеу білдірген жандарға да алғысым шексіз. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Және сын адамды жігерлендіреді. Сондықтан жақсы болсын, жаман болсын әрқайсыларыңыздың жазған пікірлеріңіз, маған болашаққа қамшы”, – деп жазды әнші инста-парақшасында.
“Сүйікті бағдарламаларыңызды, сіздер ойлағандай жеткізе алмасам айып етпеңіздер. Оның үстіне күнде көріп жүрген болсам да, әкемнің эфирге шалған қоңырауы күтпеген жағдай болған соң ба, қобалжып қалдым. Қысқасы бәрі артта қалды”, – дейді Омарова.