Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Енді әйелдер дүкен аралағысы келмеген күйеуін сақтау камерасына қалдырып кете алады

Әрбір ер адам үшін орындығы мен компьютері бар шынылы будка қарастырылған. Компьютерге 1990-шы жылдардың ойындары жүктеліпті, әйелі дүкен аралап келгенше, ер адамдар ойын ойнап, уақыт өткізеді.

Алғашқы бірнеше айда сақтау камерасының қызметі тегін болмақ. Ал болашақта күйеуін камераға «тапсырғысы» келгендер ұялы телефон арқылы ақша төлеуі тиіс. Қазір соманың мөлшері нақтыланып жатыр.

Қытайдың The Paper басылымы жаңа қызметке жүгінген ер адамдардың сервиске қатысты пікірін сұраған екен. Олардың бірі мектепке қайта оралғандай күй кешкенін айтып, қызметке көңілі толғанын жеткізген. Енді бірі будкада вентиляция мен кондиционердің жоқтығына шағымданыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз