Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Еңбек нарығында қандай мамандықтар сұранысқа ие?

HeadHunter порталы мәліметіне қарағанда сұраныс ең көп сала – сауда-саттық екен. Әсіресе, тұтынушылармен тікелей жұмыс істеуші менеджерлерге зәру компаниялар көп. Сонымен қатар, тікелей және бөлшектеп сатумен айналысатын жұмыс орындарында да мамандар тапшы.

Екінші орында басқармалы есеп, бухгалтерия, кәсіпорындардағы қаржы бөлімі екен.  Әсіресе, қарапайым бухгалтерлерге сұраныс көп. Сонымен қатар, бастапқы құжат айналымы және төлемдер мен шоттар есебін жүргізуші маман іздеуші мекемелер де алдыңғы үштікте.

Үшінші орында әкімшілік басқару, ұйымдастыру, үйлестіру жөніндегі қызметкерлер. Ең көп сұранысқа ие мамандық – офис-менеджерлік, іс-қағаздар мен құжат айналымы маманы және жеке көмекшілерге зәру басшылар жетерлік екен.

Маманға зәру салалардың бірі – Ақпараттық технология, интернет, телекоммуникация. Инженерлер мен телекоммуникация саласының мамандарына да сұраныс көп.

Қазақстан бойынша жарнама, маркетинг, PR (қоғаммен байланыс) саласының мамандарына да сұраныс жоғары. Маманнан таршылық көріп отырған салалардың бірі – банк, инвестиция, лизинг. Бұлар да жақсы есепшілерге зәру екен. Одан бөлек несие менеджерлері мен корпоравтиті тұтынушылармен жұмыс істейтін мамандарды жиі іздейді.

Еліміздегі өндірістік салада да маман тапшылығы байқалады. Кәсіпорындардың көпшілігінде инженерлерге сұраныс өте жоғары. Әсіресе, тамақ өнеркәсібі білікті мамандарды жиі іздейді екен. Машина құрастырушылар мен металлургтерге мұқтаж кәсіпорындар да жетерлік.

Жобалаушылар мен сәулетшілер де жетіспейді. Құрылыс нысандарындарындағы ұсталар мен инженерлерді,  су беру және кәріз жүйесімен жабдықтаушыларды іздейтін хабарландырулар да жетерлік. Көлік және логистика саласында мамандар жетіспейді. Екі қолға бір күрек таппай жүргендер үшін бұдан бөлек туризм, қонақүй ісі, медицина, фармацевтика, масс-медиа мен іс-шараларды ұйымдастыру, қызмет көрсету салаларында да бос орындар жетіп артылады, делінген RedPoint Kazakhstan агенттігінің шолуында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз