Адам тұрмайтын аралдар бар. Олардың бәрі сіз ойлағандай керемет жер емес. Ол жерлерде де қорқынышты құпиялар жасырынған.
Көшпелі аралдар, қоқысқа толы аралдар, сынақ алаңына айналған аралдар… Бұл аралдарда болып жатқан құбылыстар жаға ұстатады:
Бұл аралда 1950 жылдан бері ядролық қару сынақтары жүргізіліп келеді. Күні бүгінге дейін аралдың өзінде, суы мен аспанында 70 заряд жарылған. Бұл аралда адамдар бар. Бірақ радиация деңгейі сұмдық мөлшерге жеткен.
https://kaz.365info.kz/mehikoda-khorkhynyshty-aral-bar-269700
XVIII ғасырда Мадагаскар аралының шығыс жағалауын пираттар басып алған. Сөйтіп олар Үнді мұхитындағы кеме біткенге қырғидай тиіп, маза бермеген. Ағылшындар, голландиялықтар мен португалдықтар бұлардан әбден зәрезап болған. Бірақ пираттар күтпеген жерден жойылып кетті. Мадагаскарға шотландиялық бір көпестің сыра мен ром тиелген кемесі келеді. Бұл тауарды бас салып тартып алған пираттар шетінен қиналып өте бастайды. Кемінде 500 адам үлкен азапта жатып өлген. Шотландиялық көпес ішімдікке у қосқан болуы мүмкін.
Суы мөлдір, құмы әппақ келетін Мальдив аралдары – тропикалық жұмақ саналады. Сол себепті бұл жерге әлемнің түкпір-түкпірінен аптасына 10 мыңнан астам турист келеді. Ал адам жүрген жерде қоқыс болатыны белгілі. Қоқысты қайда жібереді? Жасанды қоқыс аралын жасауға мәжбүр болды. Мұнда жұмыс істейтін 150-дей адам күніне 330 тонна қоқысты сұрыптап, өртейтінін өртеп, одан қалған күлді мұхитқа тастауда.
Мексиканың иелігіндегі бұл аралдар улы жыландар мен сери тайпасының үндістеріне толы. Аралды испандықтар ашқалы бері ол алтын бен бағалы тастарға толы деген қауесет сейілмей келеді, соған қызыққан америкалықтар аралға барып, жоқ болып кетеді.
Мысалы алтын іздеуші Том Гринделл 1903 жылы шағын командасымен аралға барып, із-түссіз кеткен. Оны іздеуге шыққан Томның інісі істікке қадалған адамның қолдарын тауып алған. Томның денесінің қалдықтары да талай жылдан соң сол аралдан табылды. Сөйтсе, сери тайпасы тым қауіпті болған екен. Бұрындары келген адамдарды отқа пісіріп жеп қоятын әдеті болыпты.
https://kaz.365info.kz/zhyn-kirdi-degen-osy-zhiynda-bir-dindar-khorkhynyshty-khimyl-zhasady-video-290827
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбритания осы аралда бактериялық қаруын сынаған. Аралға мыңдаған қойды әкеп, үстіне бомба тастай салған. Бактериялық у бұл аралда әлі де бар екен. Бұл жерден Сібір тырысқағы тарап жатыр.
Мұнда есі ауысқан ауыр науқастардың Сан-Серволо деген үй-мұражайы тұр. XVIII ғасырда ол ақыл-есінен ауысқандардың психиатрлық госпиталі болған. Мұражайдағы экспозициялар адамды шошытады.
Бұл арал – қару-жарақ қоямасы болған. 1863 жылдың күзінде сұмдық болды: ирландиялық жас жұмысшы қыз Мэри Райан ағаш қораптан запалдарды алып жатып, біреуі құлатып алды. Ол жарылып кетіп, бүкіл қойма жоқ болды. Қоймаңыз не, аралда қыбыр еткен тірі жан қалмай түгел өрнетіп кеткен .
Бұл арал Иван Грозный заманынан бері біртіндеп түрмеге айналды. Сол жердегі монахтар түрме қарауылдарына айналды. 1930-шы жылдары «Соловки» түрмесі тұтқындарға тола беріп, ол жерде адамдарды жаппай атып өлтіру шарасы тұрақты түрде жүргізіліп отырған.
1933 жылдан бері Оба өзеніндегі бұл тайгалық аралға өңшең қылмыскерлер жер аудартыла бастады. Совет одағынан шамамен 100 мыңдай қылмыскер жөнелтілген. Өзеннің су ішуге жарамайды. Аз-ақ уақытта басында барған 6 мың адамнан 2 мыңы ғана қалыпты. Көпшілігі өз ажалымен өлмеген: бір-ақ айдың ішінде бұл қоғамның іріп-шірігені соншалық, адамдар бірін-бірі тірідей жей бастаған.
https://kaz.365info.kz/olgender-khajtyp-kele-me-auyldagy-ajdarhan-atanyn-okhigasy-275637
nlo-mir.ru