Әлем бойынша 10 миллион адамның ешбір елде азаматтығы жоқ. Ал ресми дерекке сүйенсек, олардың саны 3 миллионнан аспайды.
Құжаты болмағандықтан, мұндай жандардың құқығы қорғалмайды және тұрақты жұмысқа да орналаспайды. Мұндай мәлімдемені Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі агенттігі берді деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, кез келген мемлекет сол елдің аумағында дүниеге келген балаға бірден азаматтық беруі тиіс. Сонда ғана жеке тұлғаны алалау тоқтайды.
Кэрол Бачелор БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің өкілі:
– Егер азаматтығыңызды растайтын құжат болмаса, әлемде ешкім емессіз. Құқығыңыз қорғалмайды, тиісті жәрдем берілмейді. Мәселен, білім алып, жұмысқа орналаса алмайсыз. Бұл – үлкен мәселе. Құжаттың болмауы онсызда аз халықтың одан сайын қорқынышын туғызады.