Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Еліміздің жеті облысында дабылды ескерту жарияланды

14-16 наурызда Қызылорда облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, нөлден жоғары ауа температурасының сақталуына байланысты облыстың оңтүстігінде өзен арналары тарылып, су деңгейі жоғарылап, алқаптарға су жайылуы ықтимал.

16 наурызда Алматы облысы және Алматы қаласы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын түседі, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, бұдан бөлек жылы ауа температурасының сақталуы өзен арналарының тарылуы мен мұздықтардың жібуіне әкеледі (Алматы облысында). Жазық аудандарда қар еріп, ал таулы аудандарда баурайында ағын сулар пайда болып, су деңгейі жоғарылайды деп болжанып отыр.

14 ші наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз