Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
11
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Еліміздің үздік 64 ұстазы миллионер атанды

356
Sputniknews.kz

Конкурс нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім жүйесі бойынша «2019 жылдың үздік педагогі» республикалық конкурсында 16 ұстаз атанды. Олардың қатарында Қарағанды гуманитарлық колледжінің тарих және қоғамдық-саяси пәндер оқытушысы Алтай Аяғанов, Д. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің педагогика оқытушысы Бақытгүл Батанасова, Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің жалпы пәндер оқытушысы Бейбітгүл Калкенова сынды ұлағатты ұстаздар бар. Ал мектепке дейінгі және орта білім жүйесі бойынша «2019 жылдың үздік педагогі» республикалық конкурсының жеңімпаздарының қатарына 48 мұғалім ілігіп отыр. Үздік педагогтар қатарында Нұр-Сұлтан қаласы № 62 мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Алма Тұрғамбекова, Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі филиалының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ербол Тлеулов, Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Динара Орынбаева, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Нұргүл Мұқанова сынды мұғалімдер марапатқа ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, 8 жыл ішінде аталған байқауға 35 127 педагог қатысты. Оның ішінде мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі 432 педагог 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақымен және «Үздік педагог» белгісімен марапатталған еді. Жалпы аудандық (қалалық) кезең; облыстық кезең; республикалық кезеңдерден өтті. Биылғы жылы байқаудың республикалық кезеңіне 178 педагог қатысты. Олардың ішінде 64 педагог үздік атанды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз