Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, Астанада ертең бұрқасындатып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с дейін жетеді.9 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасындатады. Желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Көкшетауда – көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

9 қараша күні Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжануда. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің 15-20, екпіні 25 м/с дейін барады.

Өскеменде қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады, қатты жел соғады.

Семейде де – қар, жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ, жел.

Ертең Қостанай облысында да ауа райы бұзылады. Бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз