Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Республиканын оңтүстік бөлігінде кей жерлерде найзағай ойнайды.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с-ға жетуі ықтимал.  Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, күндіз көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с-ға дейін күшейуі күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының  түнде кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Түнде Қостанай,  Қарағанды облыстарының кей  жерлерінде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады; желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі, таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады; желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерде тұман, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей  жерлерінде тұман түседі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз