Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде жауын-шашынды болып, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.
Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Алматы облысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.