Риода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында таэквондодан 81+ келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Руслан Жапаров оңтүстіккореялық Чха Дон Миннен ұтылып қалды.
Жұбаныш белдесуінің алғашқы кезеңінде жерлесіміз Чха Дон Миннен 8:15 есебімен жеңілді. Осылайша, Руслан қола жүлде үшін таласу мүмкіндігінен айырылды.