Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
19
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, тұман түседі, көктайғақ орын алады

Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде аздап боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, арасында 25 метрге жететін кездері болады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатып, желдің күші секундына 15-20 метр болады. Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде және күндіз желдің күші 15-20 метр-секундқа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында кей жерлерде көктайғақ болып, күндіз аздап боран соғады. Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданы аймағында жел секундына 20-25 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде желдің күші секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Кей аймақтарда тұман түседі.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз