Синоптиктердің болжауынша, еліміздің түгелге дерлік аймақтарында күн күркіреп, жаңбыр жауады.
“Қазгидрометтің” хабарлауынша Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, түнде Оңтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Атырау облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.