Елімізде жұмыс күні бір сағат ерте басталуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бюджеттік мекемелер мен жеке компанияларға жұмыс кестесін қайта қарауды ұсынып отыр. Бұған бірыңғай уақыт белдеуіне көшу себеп. Өйткені қыста күн қысқарғанда үйге қараңғыда қайтпас күшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту қарастырылуы мүмкін.
«Министрлікке осы мәселеге қатысты хаттар түсіп жатыр, біз оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар, жұмыс кестесін екі жақ бірге жасайды. Сондықтан қараңғыда жұмыс істемеу үшін жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарауға болады. Негізі бұл күрделі сұрақ емес», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.
Жұмыс күні сағат 9-да басталатын мекемелер 8-де бастауға келісе алады. Еңбек кодексі бұған рұқсат етеді. Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында келісімшарт бар. Жұмыс кестесін екеуі бірге жасайды. Сондықтан қараңғы уақытта жұмыс істемеу үшін, мысал келтірсек, жұмыс тоғызда басталса, жұмыс берушімен келісіп, сағат сегізден бастаса, бір сағатты қысқартады.