Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
5
USD
485
+2.51
EUR
525
+1.80
RUB
5.03
+0.03

Елімізде жұмыртқа 11 пайызға қымбаттады

Ұлттық статистика бюросы сарапшылары соңғы бір айда елімізде  жұмыртқа құнының орташа есеппен 11,6 пайызға өскенін айтады. Ең қымбат жұмыртқа Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Шымкент пен Қарағанды қалаларында сатылып жтыр.

«Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының тізбесіне кіретін бірінші санаттағы жұмыртқаларды ғана тіркейді. Жұмыртқа бағасы орташа есеппен 11,6 пайызға өскен. Ақтөбеде 29,3 пайыз, Павлодарда 20,9 пайыз, Шымкентте 20,6 пайыз, Ақтауда 19,6 пайыз, Қарағандыда 19,5 пайыз өскені тіркелді. Бағасы төмені: Қонаев, Астана, Өскемен», – дейді Тұтыну бағалары статистикасы басқармасының сарапшысы Таңшолпан Кереева.

Қазір елімізде 58 құс фабрикасы жұмыс істеп тұр. Оның 29-ы жұмыртқа өндіреді. Мамандар бағаның күрт өсуін биыл сапасыз жиын-терін науқанымен байланыстырады. Оған қоса, делдалдар да бағасының үстіне өз пайызын қосуы мүмкін.

«Жұмыртқа мен құс еті құнының 70 пайызы жемге кетеді. Биыл жақсы егін жинағанымызбен, астықтың көбі сапасыз болды. Сондықтан Ресейден жоғары сапалы жем сатып алдық. Құс фабрикалары сауда министрлігімен келісілген меморандумды ұстанады. Олар 50 теңгеден жоғары баға қоймайды. Біз бар болғаны 40 теңгеден сатамыз. Оның үстіне делдалдар 15 пайыз, саудагерлер тағы 15 пайыз қосады. Мұндай жағдай тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Ресейде, Қырғызстанда, Беларусьте те бар», – дейді, Қазақстан құс өсірушілер одағаның президенті Руслан Шәріпов.

Елімізде жыл сайын 5 миллиардқа жуық жұмыртқа шығарылады. Оның 99 пайызын қазақстандықтар тұтынады. Сондықтан жұрттың алаңдауына еш себеп жоқ. Жұмыртқа бағасы жаңа жылға дейін осы аралықта болады, – дейді мамандар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз