Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
11
USD
508
-3.52
EUR
573
-6.38
RUB
6.37
0.00

Елімізде жыл басынан бері 150-ге жуық жаңа білім беру мекемесі ашылды

Президент тапсырмасымен 23 мектепке жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарға сыртқы келбетті жаңарту, шатыр мен терезелерді ауыстыру, инженерлік жүйелерді жаңғырту және мектеп аумағын абаттандыру кіреді. Жалпы, 2027 жылға дейін 1 231 мектепті жаңарту жоспарланған.

Инклюзивті білім беруге арналған үш жаңа мекеме ашылып, ерекше білім қажеттілігі бар балалар үшін 121 қолдау кабинеті іске қосылды. Қазіргі таңда мектептердің 90 пайызы инклюзия талаптарына сай.

Сондай-ақ Алматы, Шымкент, Павлодар, СҚО және ШҚО өңірлерінде қосымша білім беретін алты нысан ашылды. Жаз айларында Ақтөбе мен Жетісу облыстарында балаларға арналған заманауи сауықтыру орталықтары жұмысын бастамақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз