Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Елімізде жыл басынан басынан бері 231 адам суға батып кетті

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, судағы өлімнің негізгі себептері – жабдықталмаған орындарда шомылу, балаларды қараусыз қалдыру, жүзу білмеу және өз мүмкіндіктерін жете бағаламау, алкогольдік мас күйінде шомылу.

Төтенше жағдайлар комитеті көптеген келеңсіз жағдайлардан құтылуға көмектесетін су объектілеріндегі қауіпсіз жүріс-тұрыстың қарапайым ережелерін еске салады.

Су айдындарындағы демалыс орындарында болған кезде:

– суға алкогольді және есірткіге мас күйінде кіруге;

– суға қайықтан, катерден, айлақтан және басқа да бұл мақсатқа бейімделмеген орнатылымдардан секіруге;

– тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге;

– жүзу шекараларын белгілейтін буйкадан асып кетпеуге;

– жүзуге арналмаған заттардың үстінде жүзуге;

– кемелерге жақындауға;

– су айдындарын ластауға және қоқыс тастауға;

– жағада және шешінетін орындарда демалушыларға зардап тигізетін қоқыс тастамауға;

– жалған дабыл айқайын бермеуге;

– балаларға үлкендерсіз суға кіруге жол бермеу.

Айта кетейік, 21-23 шілде аралығында еліміздің су айдындарында 16 адам қаза тапты, оның ішінде 4 бала болды.

Алматы облысында екі бала суға кетті: Қапшағай қаласының Шеңкелді кентінде жасанды су айдынында шомылу кезінде 2005 жылы дүниеге келген қыз бала суға батты, тағы бір 2016 жылы туған бала Қарасай ауданы Долан ауылындағы саяжай қоғамында Долинка өзенінде үлкендердің қарауынсыз қалып, суға батып кетті.

Алматыда ата-анасының қарауынсыз қалған Бутаков шатқалында Кіші Алматы өзеніне 2011 жылы туылған қыз бала құлап, қаза болды.

Тағы да бір қайғылы оқиға Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Арай елді мекенінде болды. 2015 жылы туған бала үлкендердің қарауынсыз қалып, каналға құлап, қаза болды.

Дереккөз: baq.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз