Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-18
USD
420
0.00
EUR
510
0.00
RUB
5.72
0.00

Елімізде жастар мен жасөспірімдердің интернет тәуелділіктерін анықтау үшін арнайы әдістеме дайындалды

Интернетке тәуелділік мәселесі жеке адамның психологиясын қаншалықты өзгерткендігін көпшілік түсіне бермейді. Заманауи адамның әр күні ұялы телефон мен Интернет арқылы хабарламалар жіберу мен қабылдау, жаңалықтар парақшаларындағы ақпараттарды талдау мен танысу, жауап қайтару, пікір қалдырумен өтіп жатады. Толассыз ақпараттарды қабылдауда интернетсіз өмірді елестету мүмкін емес. Ал  ондағы шектеулер, байланыстың және WI-FI-дыңжоқтығын қазіргі адамдар бостандықты шектеу ретінде қабылдайды, кейбіреулер үшін бұл «өлім жазасымен»  де тең деп айтуға болады. Осыған сәйкес, интернетке тәуелді мінез-құлықты зерттеубүгінгі таңдағы өте өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Аталған зерттеу әлем елдерінде көп уақыт бұрын зерттеле бастады. Мысалы, ең алғаш рет 1995 жылы доктор Иван Голдберг өз еңбегінде интернетті пайдалану,біріншіден, жағымсыз стрессті немесе күйзелісті тудырады, екіншіден,интеннетті шамадан тыс пайдалану физикалық, психологиялық, тұлғааралық, экономикалық немесе әлеуметтік жағдайға зиян келтіреді деп тұжырымдаған. Ал, көрші Ресейде бұл құбылыс 2000 жылдан бастап зерттеле бастады. 2009 жылы психиатрлардың, психологтардың, әлеуметтанушылардың қатысуымен «Интернет-тәуелділік: психологиялық табиғаты және даму динамикасы» туралы алғашқы орыс тілінде жинақжарық көрген болатын.

Біздің елімізде интернетке тәуелділік проблема ретінде шамамен 5-6 жыл бұрын қабылдана бастады, бірақ ата-аналар мен мұғалімдердің жиі шағымдарына қарамастан, балалар мен жасөспірімдер арасындағаламторға деген құмарлықкүн санап өсе берді. Сонымен,қазіргі уақытта Қазақстанда интернетті үздіксіз қолданушылар саны 9 миллион 400 мың адамнанасқан.

Осы орайда «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер» республикалық қоғамдық бірлестігі «ReStart» жобасы аясында білікті психологтармен жастар мен жасөспірімдердің интернет тәуелділіктерін анықтауға арналған әдістемеәзірледі. Әдістеме 60 сұрақтан тұрады және оның  апробациясына еліміздің 6217 респонденті қатысты.

Әдістемеге жауап беру ұялы телефондар мен дербес компьютерлерден жүзеге асырылды. Жас ерекшеліктері бойынша: 12-15 жас – 4389, 16-18 жас – 1383, 19-23 жас – 146, 24-30 жас аралығындағы – 175 адам жауап берген, ал жынысы бойынша: ұл – 2199, қыз – 3894 адам және тұрғылықты жері қарастырылған. Оның ішіндеөңірлер бойынша: Алматы – 1069, Нұр-Сұлтан – 492, Шымкент – 755, Павлодар 555 адам және аймақтар бойынша Алматы облысы-521, Түркістан облысы-1035, Маңғыстау облысы. – 674, Қостанай облысы – 513, БҚО – 603 адам қатысқан.  

Сауалнама барысында балалардың денсаулығындағы бірқатар өзгерістер анықталған. Мысалы, респонденттердің 20%-ыбас ауруы, 33%-ы көздің шаршауы, 14%ы көздің жыпылықтауы, 5%-ы нашар ұйықтауға шағымданатынын айтты.

Сонымен қатар, ата-аналардың 57%-ы балаларында интернетке тәуелділіктің пайда болуынан қорқады екен. Мұндай мәліметтерді Касперский зертханасы жыл бойы жүргізілген сауалнамадан кейін жариялаған, оған әлемнің 21 еліндегі, оның ішінде Қазақстандағы 12 мыңнан астам интернет пайдаланушылар қатысқанболатын.

Осылайша, көптеген ғалым-зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасай келе және еліміздегі жастар мен жасөспірімдердің интернетке тәуелділігін анықтау үшін құрылған арнайы әдістеме профилактикалық бағдарламаларды одан әрі пайдалану үшін компьютерлік тәуелділіктің белгілері бар әр түрлі тәуекел топтарын анықтауға мүмкіндік берді.Қорыта айтқанда, «Жастар мен жасөспірімдердің интернет тәуелділіктерін анықтауға арналған әдістемесі» сенімділік пен нақтылық критерийлеріне толық сәйкес келеді деп айтуға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз