Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
6
USD
429
+2.03
EUR
500
+3.00
RUB
5.44
-0.06

Елімізде жаңа мұнай өңдейтін зауыт әзірге салынбайтын болды

Кешелі бері Ақтауда жүрген премьер-министрдің көңілі көтеріңкі. Маңғыстаулықтармен жүздескен Бақытжан Сағынтаев әңгімесін әзілмен бастады. Бар мәселенің ақшаға тірелетенінін айтқан үкімет басшысы қаржы министрін әдейі ертіп келмегенін жеткізді.

Десе де, мұнайлы өңір тұрғындарының сұрағы көп. Қара алтын үстінде отырып, жанармайдан неге тарығып отырғандарын түсінбейді. Маңғыстаудан мұнай өңдейтін зауыт ашу туралы өтініштерін білдірді. Бірақ үкімет басшысы мұның жақын арада жүзеге аспайтынын ашық айтты.

“Қосымша тағы да мұнай өңдейтін зауыт салатын болсақ сол екі миллионға тағы қосымша екі миллион бола ма, бес миллиондық бола ма, оның бәрін қайда апарып сатамыз? Соны есімізден шығармауымыз керек бірінші кезекте”, – деді Бақытжан Сағынтаев.

Маңғыстауда халық саны көбейіп келеді. Ақтау іргесіндегі ауылдардың өзінде оқушылар мектепке сыймайды. Ал салынып жатқан білім ошақтары санаулы.

Оқып жатқан бала саны халықтың көптігінен өзінің әуелде есептелген қуатынан екі еседен астам бала оқып жатыр. Сондықтан жеделдетіп тағы бір мектеп құрылысын бастамаса біз үш ауысымдық оқу жағдайға көшіп кетуіміз мүмкін.

Енді елімізде мектеп салуға кәсіпкерлерді тартпақшы. Бұрынғыдай тендер ойнатпай-ақ, құрылысқа ақша салғысы келетін бизнесменмен келісімге отырады. Мұндай серіктестік мемлекетке де, кәсіпкерге де пайдалы деп отыр үкімет басшысы. Ал әлеуметтік мәселеге бөлінетін қаржыны әкімі пысық аймақ бірінші алатынын Сағынтаев жасырмады.

“Іскер, жылдам әкімдер бар. Жылдам әкімдер алдынан орап өтіп, ауызындағысын жырып әкетітіндер бар кезексіз. Қазір айтып отырғанымыз мектептердің бәрін шешімін табу үшін по душевой финансирование. Кәсіпкер осы по душевой финансирование жұмысы өзі салады да, бір үш бес жыл көлемінде шығарған қаржысын үкімет бірте-бірте қайтарып береді”, – деді үкімет басшысы.

Сондай-ақ, мұнайлы өңір әлі күнге дейін ауыз суға жарымай келеді. 12 жыл бұрын іске қосылған су сүзетін зауыттың күшін көбейту үшін қосымша қаржы керек. Егер үкімет қазір араласпаса, ертеңгі күні инвесторлар тұрғындардың қалтасына салмақ салады екен. Өйткені, судың тарифін өсіруі ықтимал. Жұрт премьерге осыған да алаңдаулы екенін жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз