Республика бойынша шомылуға тыйым салынған жерлерде 11 адам суға кетті. Тағы бір адамды құтқарушылар іздестіріп жатыр.
Бұл туралы Хабар-24 хабарлады.
Суға батып, қаза тапқандардың арасында 2 бала бар. Суға шомылып, қайтыс болғандардың кейбірі суға түсер кезде мас күйінде болған. Осыған байланысты ҚР ІІМ ТЖК тұрғындарды шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түспеуге және судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырады.