Өткен жылдың қазан-желтоқсан айларында елдегі орташа жалақы рекордтық көрсеткішке жеткен. Ол 163 725 теңгені құрады, деп хабарлады Astanatv.kz.
Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтар бұрын-соңды мұндай жалақы алмаған. Өткен жылғы айлық өсімі әртүрлі. Ал еңбекақының 4-ші тоқсанда өсуі маусымдық жұмыстармен байланысты көрінеді. Жылдық орташа жалақы 150 мың теңге шамасында. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,1 пайызға жоғары.