2017 жылдың қазанында Қазақстанда жұмыссыздар саны 438 мың адамнан асып, бұл көрсеткіш экономикалық белсенді халықтың санына 4,9 пайызды құрады.
Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі таратқан мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы қазанның соңына 134,6 мың адамды құрады немесе ол елдің экономикалық белсенді халқының санына 1,5 пайыз деңгейінде.
«2017 жылғы қазанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 149 917 теңгені құрады»,- деп атап өтілген министрлік мәліметінде.