Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Елімізде медбикелер мен қарттар үйіндегі күтушілердің жалақысы өсуі мүмкін

Медбике, қарттар мен мүгедектерді күтуші қызметкерлерге еңбекақы төлеу тәртібін түбегейлі өзгерту керек дейді сенаторлар. Мұндай мамандардың білімі немесе дәрежесіне емес, атқаратын жұмысының ауыртпалығына қарап жалақы белгілеу ұсынылды. Өйткені, медициналық мекмелердегі ауыр жұмысты қыз-келіншектер атқаруда. Табысы тым аз болғандықтан, олар қызметте тұрақтамайды да.

“Еліміздегі медициналық-әлеуметтік мекемелердегі ең ауыр және лас жұмыстарды осы қызметшілер атқарады. Өкінішке орай, осы салада күндіз-түні жұмыс істеп жүрген мамандардың, санитарлардың, тәрбиешлердің, медбикелелрдің техникалық жұмыскерлердің жалақасы өте төмен. Медбикелерге 49 мың 300  теңге айлық төленеді. Санитарлардікі 45-43 мың теңге ғана”, – дейді Сенат депутаты Әли Бектаев.

Сондықтан депутат олардың жалақысын екі есеге көтеруді талап етіп отыр. Оған кететін шығынды да санап қойыпты. Еліміздегі 200 мыңнан астам қызметкерге қосымша 10 миллиард теңге керек. Бұл –  Үкімет үшін қомақты қаржы емес дейді сенатор. Сондай-ақ, Сенатта Қытайдағы қазақтардың да жағдайы сөз болды. Жазда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында  «Қытайдағы қандастарымыз қысым көруде» деген әңгіме айтылған. Содан бері Үкімет оған қатысты ресми мәлемдеме жасаған емес. Шенеуніктер мәселені «жабулы қазан  күйде» қалдырған соң, сенаторлар бүгін премьерге сауал жолдады.

“Ақпараттық кеңестік пен әлеуметтік желілердің ішінде Шыңжаңда да қоныс тепкен 1 жарым миллионнан астам қандастарымыздың заңдық құқықтарының шектелуі жөнінде әңгіме кеңінен таралып келеді. Шынымен де  қазақ этнос өкілдері қысымдық көріп келе ме?” – дейді Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев.

Бұл мәселге Сыртқы істер министрлігі шұғыл араласуы тиіс. Өйткені, депутаттардың айтуынша, Қытайдағы қандастарымыздың құқықтары бұзылған, шетелге шығуға шектеу қойған, тіпті, оралмандық алу үшін рәсмдеген құжаттарын қайтаруды талап етуде екен. Депутаттардың өздері   әзірге ешқандай әрекет жасамапты. Үкіметтің жауабын күтпек.

“Сол, айтып жатырмыз ғой. Біз бірніші жауапты алайық. Содан кейін қарастырамыз, ойланамыз. Себебі ол өте жай мәселе емес”, – дейді Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев.

Сенаторлар шетелдегі ғана емес, еліміздегі азаматтардың да өміріне алаңдаулы. Депутат Дархан  Қалетаевтың айтуынша, тозған су бөгеттерінен үлкен қауіп төніп тұр. Дамбалардың көбі ескірген. Ал гидротехникалық тоғандарды қадағалап отырған бір де бір мемлекеттік орган жоқ.

“Қазақстанда 1665 гидротехникалық бөгеттеің 392-сіне шұғыл жөндеуден өткізу керек.  Олардың көбі иесіз қалған. Сәйкесінше техникалық жағдайы қауіпті. Салдарынан жылда су тасқыны болады да, бюджетке  ондаған миллион доллар шығын келеді”, – дейді Сенат депутаты Дархан Қалетаев.

Қалетаев сейсмологиялық институттардың да бар деген аты болғанымен,  пайдасы жоқ дейді. Ондағы құрылғылардың бәрі ескірген. Жер сілкісінісі бола қалса, шұғыл ақпарат алу мүмкін емес. Сондықтан құтқарушылар шетелдік мамандардың мәліметіне мұқтаж. Сенаторлар сейсмологиялық, гидротехникалық саланы да түбегейлі жаңартуды ұсынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз