Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Елімізде латын әліпбиі мектептерде қай жылдан бастап оқытыла бастайды

Ауқымды жобаны жүзеге асыру осы күні басталып та кеткен. Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне оралуды – орыс тілінен алшақтау деп, түсінбеу қажеттігін айтты. Президенттің сөзінше, латын қарпі қазақ емлесіне тән әліпби. Ал, кирил – орыс тілді адамдар үшін қатар қолданыла береді. Түптеп келгенде, латын қарпі – қазақты осы әліпбиді пайдаланытын жаһанның алпауыт елдеріне жақындастармақ.

«Менің ойымша, алдымен әліпбиге дайындап, жариялап, ептеп-ептеп енгізіп, газет-журналдардың бір-бір беттеріне жариялап, мақалаларды сол қаріптермен жаза беру керек. Жалпы айтқанда, балалардың барлығы қазір ағылшын тілінде оқиды. Оның негізінде латын қарпі. Ешқандай проблема болмайды. Жақсылап дайындалсақ, мысалы 2022 жылдан бастап 1-ші сыныпқа көшсек, содан әрі қарай кете беретін болады», – деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Әңгімеге Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы арқау болды. Президент осы сұхбатында «Туған жер» бағдарламасын не себепті жүзеге асыру қажеттігін түсіндіріп берді. Айтуынша, тың жоба – ішкі туризмді дамытып, отандастарымызды отансүйгіштікке үндемек. Қалталы әрбір кәсіпкер егер өзінің кіндік қаны тамған жерге сүбелі үлесін қосса, аймақтар түрленеді. Содан барып, туристер көрікті орындарға жаппай ағылмақ. Ал бұл  ел экономикасын ілгерілетуге, оның құлаштап дамуына серпін береді. Осы тұста, «100 жаңа есім» жобасының маңыздылығын айтқан дұрыс. Мемлекет басшысының сөзінше,  қазаққа мәшһүр тұлғаларды дәріптеу арқылы тұтас елдің танымалдылығын арттыруға болады. Ал әлем назарын Сарыарқа төріне аудартқан ЭКСПО көрмесі шартарапты таңдай қақтырған. Соның арқасында, жаһан жұрты  Қазақстанның қауқарлы, екпінді ел екенін біліп жатыр.

«ЭКСПО-2017 тек біздің ел үшін ғана емес, күллі технология әлемі үшін қуатты іс-шараға айналды. Аз уақытта Астанада жаңа әрі көрікті аудан салынды. Бұл – ерекше аумақ. Өйткені, қазірдің өзінде ЭКСПО қалашығына еліміздің әр түпкірінен, сондай-ақ әлемнің түрлі елдерінен туристер келіп, тың жобаларды тамашалап жатыр. Әуелде, көрме кезінде Астанаға 2 млн-ға жуық адам келетін шығар деп ойладық. Бірақ небәрі 2 айда ЭКСПО-ны көруге 2 жарым млн турист келген. Бұл – үлкен көрсеткіш», – деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз