Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Елімізде көлік жылдамдығы төмендетілуі мүмкін

Алайда комитет басшысы жол-көлік апатының саны тұрақты түрде артып келеді деген пікірмен келіспейтінін айтты. Оның түсіндіруінше, жыл басынан бері 65-70%-дық күрт өсім жолдағы жағдайдың нашарлауынан емес, есепке алу мен тіркеу тәртібіндегі өзгерістерден болған.

«Қазір қабылданған практикалық және заңнамалық шаралардың нәтижесінде өсу қарқыны шамамен 30%-ға төмендеді», – деді Сұлтанбаев.

Жылдамдықты төмендету мәселесіне қатысты ІІМ өкілі бұл бастама қарастырылып жатқанын растады.

«Бұл мәселені жұмыс тәртібінде қарап жатырмыз. Парламент депутаттары каникулдан шыққан соң, олармен осы мәселені талқылаймыз», – деді ол.

Қорытынды шешім ІІМ жариялаған «Профилактика жылы» аясында және заң үстемдігі қағидатына сәйкес қабылданады. Депутаттармен талқылау нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Сұлтанбаевтың мәлімдемесіне қарамастан, Қазақстанда алғашқы алты айда 15 698 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 54 оқиғаға көп. Құқықтық статистика комитетінің деректеріне сәйкес, жоол-көлік оқиғасы салдарынан 22 346 адам зардап шекті, оның ішінде 955 адам қаза тапты.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз