Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Елімізде газды тарату әдісін өзгерту газ тапшылығын туындатпайды

Бұл сұраққа заң жобасы жайлы баяндама жасаған депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов жауап берді.

«Біріншіден, газ өндіруші мекемелер мен зауыттардың ішкі нарыққа газ беру міндеті сақталады. Екіншіден, ұсынылып отырған заң жобасында газды таратудың әдісі ғана өзгергелі отыр. Баяндамада айтылғандай, электронды сауда алаңдары біртіндеп, әуелі келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап 10-20 процентке, содан кейін екі жылдың ішінде – 2019-2021 жылдары электронды сауда алаңдары барлық аймаққа енгізілетін болады. Сондықтан, екі жылдың ішінде барлық аймақ электрондық сауда алаңдарымен толықтай қамтылады. Сондықтан, қаралып отырған заң жобасы газдың тапшылығына әкеліп соқпайды», – деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Айта кетсек, Парламент Мәжілісінің отырысында палата депутаттары «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз