Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Елімізде азық-түлік пен ақылы қызметтер құны одан әрі шарықтап кеткен

101

Отандастарымыз көп нәрсеге шектеу жасауға мәжбүр. Өйткені, алған жалақы керек-жарақтың бәрін сатып алуға жетпейді.

EnergyProm сарапшыларының мәліметінше, биыл жұрттың сатып алу мүмкіндігі 2,4 пайызға төмендеген. Әсіресе, кәсіби ғалымдар мен техника мамандарының тұрмысы қатты нашарлап кетіпті.

Биыл олардың жалақысы бақандай 20 пайызға қысқарған. Сәйкесінше, сатып алу мүмкіндігі 25 пайызға азайыпты. Ал, құрылысшылардың жалақысы 7 пайызға көтерілгенімен, оның да пайдасы шамалы. Мемлекеттік басқару органының қызметкерлері биыл 2 жарым пайызға көп жалақы алады. Ал, сатып алу мүмкіндігі одан 2 есеге төмендеген. Дәрігерлердің де жағдайы осындай.

Осылайша, орташа жалақының 5 пайызға, яғни 145 мыңға көтерілуі жұмысшыларға еш білініп жатқан жоқ.

“Азық-түлік пен ақылы қызметтер тарифі тез қымбаттауда. Ал, жалақы баяу көтеріліп жатыр. Сондықтан, оның инфляцияны қуып жетуі мүмкін болмай тұр”, – дейді «EnergyProm» сарапшысы Динара Мұқашева.

Дегенмен, жуырда ғана Ұлттық банк инфляция қарқынының баяулағанын мақтанышпен жеткізген еді. Биыл жалпы ішкі өнім де 4,2 пайызға өсіпті. Бірақ, экономистер мұндай ресми мәліметтердің шындыққа мүлдем жанаспайтынын айтады.

“25 жылда біздің ішкі жалпы өнім  мың жарым доллардан 25 мыңға дейін өсті. Бірақ біздің өмір деңгейіміз 20 есе өскен жоқ қой. Бізде көп тауарлар өзімізде өндірілмейді. Барлық тауар сырттан келеді. Сырттан келгесін олардың бағасы долларға байланысты көтерілуі тиіс”, – дейді эконосмист Бақытжан Омаров.

Яғни, күн көріс қамының қиындауына бірінші кезекте АҚШ ақшасының шарықтап, теңгенің әлсіреуі себеп.

Бізде халықтың сатып алу мүмкіндігі соңғы жылдары өскен емес. Әсіресе, дағдарыс кезінде оның қарқыны тіптен баяулап кеткен болатын. Ал, қазір қаржылық қиындықтан шыққанымен, ол да жұрттың жағдайына оң әсер етпей тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз