Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Елімізде әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады

144

21 жастағы Салтанат Шоланова осы бастан “Неке келісім шартын” ойластырып жүр. Айтуынша, қазір келіншектер үй жиып, тамақ әзірлеп, бала бағумен айналысып жүргенде, ер кісілер білім алып, жұмыс істеп, ақша тауып, мәнсап өсіруге толық қауқарлы. Бұл жайт жұбайлардың жолдары екі бөлініп кеткенде әйелдердің өзін-өзі асырап, қамтамасыз етуіне кедергі болады -дейді.

“Сіздің күйеуіңіз балаңызға алимент төлейді, дұрыс па? Ал сізді кім асырайды? Сіз отбасыға қарадыңыз, белгілі бір жауапкершіліктер болды, сіз де жұмыс жасадыңыз, соның бір өтемі болуы керек”, – дейді тұрғын Салтанат Шоланова.

Салтанаттың сөзін психолог Анна Құдиярова да қоштап отыр. “Неке келісім шарты” ажырасқаннан кейін кімге не тиесілі екенін анықтап алуға мүмкіндік береді. Ал бұл болашақта әйелдерге мүліктік, материалдық қолдаусыз қалмауға кепіл болады -дейді ол.

“Ертең ажырай ма, көңіл-күйі тоқалға кетіп қалды ма, мына жақтағы 4 бала, 5 бала бір адыраң қалғандай ғой. Енді 1 айға 10 мың теңге береді сол. Қалталы, аты шыққан адам. Бірақ ол ана жаққа котеджге, жақсы келіншекпен кетіп жатыр. Сонда көрдіңіз ба, тонның келтесі-ай деген. Бәйбішені қорғайтын ешқандай неке келісімі жоқ болып тұр ғой”, – дейді психолог Анна Құдиярова.

Сүйген жарымен бірге 18 жыл тату-тәтті өмір сүріп жатқан заңгер Жанкелді Сүлейманов неке туралы шартқа отырғандардың бірі. Оның айтуынша, кеңестік заманда жұбайларда бөлісердей мүлік болмаған, сондықтан бұл шарттың да қажеттілігі тумаған. Ал қазір кей дәулетті отбасылырдың ортақ қазынасы жүздеген миллиондарға дейін жетеді, оны заңмен бөлмесек, екі ара даудамай жаға жыртысуға дейін жетеді -дейді ол. Маманның айтуынша, ата-аналар ажырасқанда балалардың ортақ мүлікке құқығы жоқ. Сондықтан ең бірінші кезекте, шартта балалардың сыбағасы бөлек ескерілуі керек. Сондай-ақ қолданыстағы мүліктің барлығы отбасы мүшелеріне тіркелуі керек -деп отыр.

“Зәулім үйде тұрады, 5 көлігі бар, баршылықта өмір сүріп жатады. Ал ажырасуға уақыт таяғанда жылжымайтын мүліктің барлығы әкесінің атында, көліктері компания атында, өзге заттары аға-інілерінің атына аударылып қойған болып шығады. Әйелдің бұл жағдайда ештеңкеге иелік етуге құқығы болмай шығады”, – дейді заңгер Жанкелді Сүлейманов.

Тағы бір айта кетерлігі, зорлықпен, күштеп қол қойдырылып алған, екі тараптың құқықтары тең ескерілмеген “Неке келісім шартының” сотта ешқандай күші болмайды екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз