Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-14
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

Елімізде ана мен баланы зорлық-зомбылықтан қорғауға арналған дағдарыс орталықтары көптеп ашылуда

1591

Алайда әкімшілік жауапкершілікке тартумен мәселе шешілмесі белгілі. Ілгеріде айтқан зорлық-зомбылықтың алдын-алу кешенді әрі жүйелі деңгейде қарастырылу тиіс.

Осы орайда Алматыдағы «Отбасында зорлық-зомбылық көргендерге арналған дағдарыс орталығының» жанынан тағы бір арнайы орталық ашылды.

«Отбасындағы зорлық-зомбылықтан әбден зәрезап болған ана мен балаларға арналған дағдарыс орталығына қарасты баспананың мекенжайы өте құпия сақталады. Себебі, әйелі мен бала-шағасын жұдырықтың астына алғандар бұл жерге келіп лаң салуы әбден мүмкін дейді. Сондықтан да бұл үйге үйге барар жері, басар тауы жоқ әйелдер мен олардың балаларын ғана орналастырамыз», – дейді орталық мамандары.

Қазіргі орталыққа түрлі жағдайдағы әйелдер орналасқан екен. Араларында тіпті жасы 70-ке жақындаған әже да бар. Қария туған ұлының өзекке тепкенін айтып қамығады.

Қазіргі таңда мұнда 8 әйел мен 9 бала тұрып жатыр. Олардың тағдырлары да әрқилы.

Соның бірі Сағидат Әмірова.

«Тұрмысымыз қиын болды. Пәтерден пәтерге көшіп жүрдім. Жолдасым қиыншылыққа төзе алмады. Шыны керек, менің де жүйкем жұқара бастады. Осыдан ұрыс-керіс, қол көтеру де басталды. Балаларым үшін 4 жыл бойы шыдап келдім. Бірақ, соңғы кездері ол бала-шағаға қол көтеретінді шығарды. Бұдан әрі төзуге болмасы анық еді», – дейді ол.

Отбасында зорлық-зомбылық көргендерге арналған дағдарыс орталығы барлығы 50 адамға арналған. Мұнда орналасудың өз тәртібі бар. Мұнда келетін ана мен балалардың барлығы арнайы медициналық тексеруден өту шарт.

Орталықта дәрігер, психолог, ыстық тамақ, балаларға арналған ойын алаңы бар.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының» директоры Зүлфия Байсақова, орталық мамандарының міндетіаналардың дұрыс шешім қабылдауына көмектесу.

“Біз тек қажетті ақпараттарды айтып, жағдайды ақылмен саралауға мүмкіндік береміз. Соңғы шешімді өздері шығарады. Отбасыларыеа оралып, жолдасымен жарасып тауып жатса біз әрине, қуаныштымыз. Біздің әлеуметтік қызметкерлер зорлық-зомбылық көрген әйелдердің отбасы мүшелерімен де жұмыс жүргізеді”, – дейді ол.

Отбасы мамандарының пікірінше жұбайлардың арасында ұрыс-керістің соңғы кездері адам өліміне де алып келуі мүмкін. Жыл басынан бері Алматыда осындай 20-ға жуық дерек тіркелген екен. Қазіргі таңда қалалық әкімшілік пен полиция қызметкерлері бірлесіп жағдайдың алдын-алу үшін алматылық әйелдерге дабыл түймесі бар телефон беріле бастаған. Осы арқылы олар полицияға және жедел жәрдемге шұғыл хабар бере алады. Әзірге мұндай телефондардың саны шектеулі. 400 дана.

Полиция болса өз кезегінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығымен тығыз жұмыс істейтінін хабарлап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз