Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Елге танымал қобызшы қыз халықтан көмек сұрап жатыр

155

Қобызын арқалаған бұл қыз 7 жыл бұрын талай сахнаға шығып, күйімен құлақтың құрышын қандыратын. Бірақ енді аты шыға бастағанда айықпас дертке шалдығып, өнері жайына қалып отыр. Гауһардың қазір аспап ұстамақ түгілі, жүріп-тұруға шамасы жоқ.

Алғашында дәрігерлер дертті анықтай алмай, уақытты созып алған көрінеді. Артынша сирек кездесетін «Қызыл жегі» диагнозын қойған.

Осылайша, емдейміз деп бермеген дәрілері жоқ.Тек бұдан Гауһардың жағдайы нашарламаса, жақсармаған. Гормондық дәрілер жақпаса керек, науқас екі мәрте инсульт алып, ақыры сол жақ бөлігі қозғалмай қалыпты.

Сара Нұрлыбаева, Гауһардың анасы:

– Гормонды дәрілер  салып, құртып тастады. Организм қазір істемей отыр. Қазір қозғала алмайды. Бірінші арманым, осыны орнынан тұрғызу. Менің шамам келмей жатыр.

Перзенті үшін өзегі өртенген ананың өзі де қатерлі дертпен күресіп жүр. Бірақ қазір қара басынан гөрі қызы үшін алаңдайды. Себебі, Гауһардың жалғыз ішетін асы – сүтті де, жаялығын да алуға күнін әрең көріп отырған отбасының қалтасы көтермейді.

Гауһар Нұрлыбаева:

– Қорқыт ата ғой. Қобызын аузына тығып оятады. Мен содан оянып кетемін…

Жергілікті дәрігерлер «Қызыл жегіге» ем іздеп әуре болмаңдар деп кесіп айтқан. Бірақ науқас қыз бен анасы дерттен айығып, қобызын қайта қолына алуды армандайды. Қазір олардың жалғыз үміті – Біріккен Араб Әмірліктерінде сатылатын қымбат дәріде. Бір түйірінің өзі 45 мың теңге. Шетелдік дәрігерлер 2 жыл бойы күніне екеуін ішіп отырса, айығып кетеді деп сендіріп отыр. Сондықтан науқас қыз бен жалғызбасты ананың қайырымды жандардан көмек сұраудан басқа амалы жоқ.

komek3

 

Халық Банк 4402 5735 5621 6523 Гауһар Нұрлыбаева

87076813598,  87476813598

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз