Қазақстандық боксшыға 30 жастағы америкалық Леонель Хименес еш қарсылық көрсете алмады, деп хабарлайдыSports.kz.-ке сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.
Екі жылға жуық рингке шықпаған 31 жастағы кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов (6-0-1, 5КО) супер орта салмақта 30 жастағы америкалық Леонель Хименеске (4-23-1) еш мүмкіндік қалдырмады.
АҚШ-тың Индиана штатында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.
Дәурен Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ағасы. Бұл салмақта сондай-ақ Нұрзат Сабыров, Арман Рысбек, Азиз Избакиев секілді боксшыларымыз ел намысын қорғап жүр.
Айта кетсек, британиялық танымал промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа қол қойған Данияр Елеусіновтің алғашқы кездесуі 28-сәуір күні Дэниэл Джейкобс жекпе-жегінің андеркартында өтеді.
Одан кейінгі кездесуі 2 маусымға жоспарланып отыр екен.