Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Электр энергиясына шекті тарифтердің өсуі – бұл қателік – сарапшы

Әсет Наурызбаев, фото caravan.kz сайтынан алынды

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап жылу электр станцияларының шекті тарифтері орташа есеппен 15%-ға өседі, деп хабарлады брифингте Энергетика вице-министрі Қайрат Рахымов. Тарифтердің өсуі қайтадан жаңғыртуды қаржыландыру үшін жасалды. Рахимовтың айтуынша, 45 энергия өндіруші ұйымның 37-сінде тариф өсімі күтілуде. Әр ұйымның өтініштері жеке қаралады.

Вице-министр еліміздің энергия көздерінің басым бөлігі 1960-70 жылдары пайдалануға берілгенін атап өтті. 2020 жылдың нәтижелері бойынша энергия активтерінің ескіруі 53%-ды құрады. Бұл ретте генерация секторындағы негізгі шығындар осы активтерді жұмыс істей алатындай жағдайында ұстап тұруға бағытталған болатын. Көптеген станциялар шығынға ұшырады.

Сыпайы сырлы сұхбат

Экономист Әсет Наурызбаев мемлекеттің тарифтерді көтеруге деген бұл әрекетін таза алдау деп атады.

— Барлық монополистер мен өндірушілердің тарифтерінде амортизация бар, — дейді сарапшы. — Барлық апатты жағдайлардың орын алу себебі

амортизациялық жинақтарды күрделі жөндеуге жұмсаудың орнына қалталарына салады.

Кейбір меншік иелері амортизацияның не үшін қажет екенін де білмейді. Олар бухгалтерлер бізді алдап, ақша ұрлағысы келеді деп ойлайды. Сондықтан амортизациядан түскен ақша ағыны жеке қажеттіліктеріне жұмсалады. Содан кейін жаңартуға ақша жетпейді деген әңгімелер басталады.

— Ал егер шын мәнінде, министрлікте айтылғанда, болашақта жұмыс істеп тұрған қуаттар жетпей жатса ше?

– Есептеу қажет. Олар алдағы бес жылда 2 мың мегаватт қосымша қуат қажет екенін көрсетті делік. Бұл есептеулерді тәуелсіз сарапшылар, тіпті шетелдік қаржы институттары бағалағаннан кейін ғана қажетті қуаттардың құрылысын салуға тендерлер жариялау керек. Ең жақсы төмен бағаны ұсынған адам ғана жеңуі қажет. Бұл қалыпты Үкіметтің әрекеті.

Біздің үкімет басқа жолды таңдаған. Ол әрқайсысымен жеке дара жұмыс істейді. Сыпайы сырлы сұхбаттар жүргізеді.

Кім сенімді болса, сол тарифті көтеруге қол жеткізеді. Өкінішке орай, тұтынушы, яғни біз, бұл рәсімге қатыспайды. Осы ашу туғызады

Энергетика министрінің жекелеген тарифтерді өздігінен бекітуі рәсімінің күшін жоюды талап ету қажет. Яғни, триллион теңге тұратын шешім бір адам қабылдай салады. Мен жаңа тарифтерді жарамды болатын бірнеше жылға көбейттім, триллиондар шықты. Бұл жағдайды үлкен сыбайлас жемқорлық деуге болады. Министр ақша алды деп айта алмаймын. Бірақ оның ақша алуға үлкен мүмкіндігі бар. Және бір де біреуін алмауы мүмкін.

Әлем тарифтерді төмендетуде, ал Қазақстан — керісінше

— Антимонополиядағылар қайда қарап отыр?

— Бұл жағдайда антомонополиядағылар әрекет ете алмайды, өйткені біздің елде нарық бар деп саналады.

– Яғни, Энергетика министрлігі осындай шешімдер қабылдағандықтан ешқандай бақылау болмайтындай етіп, бәрін әдемі жасаған ғой?

– Министрлік емес, министр. Оның аты-жөні бар. Ол мұндай шешімдерді жеке өзі қабылдай береді.

Монополияға қарсы ведомствомен және басқа да мемлекеттік органдармен келісімдер жоқ

Егер бар болса, біз болашақта қажетті қуат мәселелеріне қатысты есептеулерге көбірек сенім артар едік.

– Әр түрлі сараптамалық бағалаулар бар, онда салада инвестициялық тартымдылық өте төмен және тарифтер де төмен делінген. Олармен неге келіспейсіз?

– Мұндайды кәсіпорындар экономикасының ақшасын өз қалталарына салатындар айтады. Амортизациялық жинақтарды кәсіпорындарды жаңғырту үшін  пайдалануды қаламайтындар. Бұл қазірдің өзінде тарифтерге енгізілген. Егер жетпесе, неге жетпей жатқанын түсіндірсін.

Жалпы, бүкіл әлем бағаны төмендетуге ұмтылуда, өйткені шығындарды азайтатын жаңа технологияларды қолданады

Тарифтер тек бізде ғана өсіп жатыр.

Барлығын есептеу қажет

— Ал егер ескіргендігі мен тарифтерді бір-бірімен байланыстырып бағалайтын тәуелсіз аудит жүргізсек ше? Неге жүргізбейді? Баюға арналған саңылау болу үшін бе?

– Ешқандай тәуелсіз аудиттің қажеті жоқ, бұл онсыз да амортизацияның экономикалық мағынасынан-ақ белгілі. Ол – күрделі жөндеу жүргізуге арналған жинақ. Сол ақшаны өз қалауына жұмсауды доғару керек, сонда қатты ескірмейді. Мұндай меншік иелерінің шағымдарына күмәнмен қарау керек.

Ал электр энергиясын өндіру бойынша алдымен қайта құру шынымен де қажет екенін дәлелдеу керек. Ойдан шығарылған жете ойластырылмаған инвестициялық бағдарламалардың ешқандай негіздемесі жоқ. Ақша босқа ысырап болуы мүмкін. Біз ондай жағдайды бастан өткіздік,

Сауат Мыңбаев кезінде тегі бойынша тарифтер енгізу туралы тамаша сұлба ойлап тапқан, оны энергетика министрлері қазір де пайдаланып жүр

Бұрын шынымен де нарық болған, станциялар бағаға саудаласатын, барлығы оны төмендетуге тырысатын.

“Қазақстан Энерго” үлкен операторын өмірге әкелудің орнына көптеген ұсақ өндірушілер пайда болған кезде электр энергиясының бағасы үш есе төмендегенін естеріңізге саламын. Біз ол бақыт туралы мүлде ұмытып кеттік. Қалай болғанда да, KEGOC желілерінде отырған ірі тұтынушылар сол кездегі тарифтердің төмендегенін әлі ұмытпаған шығар. Нарықтық бағаға көшудің бұл оқиғасы электр энергиясы бағасының төмендеуіне әкелді.

Қазір бізде осыған кері жағдай. Министр келді, біреу оны бағаны көтеру керек деп сендірді, ол аздаған уақыт қарсыласты және көтерді. Қазір бағаның мұндай тиімсіз жолмен өсуі – бұл наразылық білдіру керек жағдай. Жағдайы қалыпты елде бұлай болмауы керек.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз