Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Елдің зәресін алыпты”. Шымкенттік полицейлер қалай демалады?

133

«Қаншалықты дұрыс? Кеше үйдің кішкенелері қоймаған соң, Машатқа барып демалуды жөн санадық. Мынау сол жерде куә болған көрініс. Форма киген полицейлер  қолдарына азық- түлік салынған пакет пен автомат асынып, демалушылардың зәре-құтын қашырды. Өздері рахаттанып демалды. Облыстық жергілікті полиция қызметі мен қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Данияр Мейрхан мырза, қызметкерлеріңіз демалуға барса неге формасыз, қызметтік көліксіз бармайды? Бәрінен сорақысы қолдарындағы қаруы»,- деп жазады Анар Сүлеева.

Белгілі болғандай, Машат тау шатқалында жүрген тәртіп сақшылары – Түлкібас ауданы ІІБ-ң қыззметкерлері болып шықты. Олар таулы аумақты қызмет бабымен тексеріп жүріп, түстік ішу үшін тоқтаған, дейді ОҚО ІІБ ақпарат және мемлекеттік тіл басқармасы басшысының орынбасары Спабек Жарқынбеков.

– Қызметтік тексеру жүріп жатыр. Үш қызметкер де ресми маршрутта болған. Олар қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін патрульді көлікпен аралап жүреді. Арақ-шарап ішпеген. Қолдарында пакетке салынған нан мен айран болған екен. Адам болған соң, ондай-ондай болады ғой енді. Обед уақыты болған соң, көлеңкеге тоқтап тамақтануға отырған. Егер қадай да бір тәртіп бұзу анықталса, жазаға тартылады, деп жауап берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз