Ән айту кезінде уыстап ақша шашылды. Әнге билеп жүрген той қонақтары жанұшыра таласа бастады. Олардың ішінде үлкен әжейлер де бар. Әншінің өзі де жерде жатқан ақшаны алып жатты.
Желі қолданушыларының бірі ақша шашудың ысырап екенін айтса бірі қолдау білдіріп жатыр.
“Шашу ретінде шашып жатыр. Қазақта шашу деген бар, алғаны дұрыс бәрініі”, “Ақшасы көп болса, өздері біледі де не істесе де”, “Бекерге ақша шашу – ысырап, сауапты іске жұмсасын”, “Құр мақтан дарақылық”, – деп жазды желідегілер.
Дереккөз: Stan.kz