Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
7
USD
483
-0.37
EUR
534
-1.57
RUB
5.08
-0.04

Елбасының тапсырмасын орындамағандар жазалана ма?

148
Сурет: Corgarashu

2019 жылы студенттерге жаңа жатақхана салу туралы жоспар тек 25% пайызға орындалған, яғни жоспарды бұзды дейді мәжілісмендер тобы. Жоспарланған ғимараттар санның жартысын пайдалануға енгізді, бірақ оның  50% — жаңа ғимараттар емес (бірақ қаржылық есеп айырысу жүргізілді), олар жай ғана қайта жаңартылған ескі ғимараттар. Ал бірнеше өңірлерде ештеңе салынған жоқ. Бұл жөнінде депутаттар премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына сауал жолдады.

Нәтижесі айдан анық еді

Сауал жолдаушылар елдің барлық аймағында дерлік студенттерге арналған жатақханалардың аздығын алға тарты.

Сұраныста «Елбасының Үшінші әлеуметтік бастамасының аясында бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидасында

2022 жылдың соңына дейін 75 мың орындық студенттік жатақхана салып, пайдалануға беру тапсырылған еді

Кезең-кезеңмен, алғашқы 5 мың орын 2019 жылы пайданануға берілуі керек болатын. Қалған 15 мыңы —  2020, 25 мыңы —  2021 және 30 мыңы — в 2022».

2019 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 5 мың орынның 2,8 мыңы ғана пайдалануға берілді (196 млн 397 мың теңге сомасына). Яғни жалпы жоспардың жартысынан сәл артық. Оның 1,2 мыңы (яғни жартысынан азы) — жаңа объектілер, ал қалғандары — қайта қалпына келтірілген ғимараттар.

«Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасына сәйкес жатақхана орындары жаңа құрылыс нысандарын  салу арқылы көбейтілуі тиіс болатын.

Бұл үшін өз уақытында қаржы шығандары есептелген еді»,

— дейді сұраныс авторлары.

Яғни, нақты тапсырма тек 25%-ға орындалды, өйткені қайта қалпына кеттірілген ескі ғимараттарды жаңа ғимарат деп есептеуге болмайды.

Мәжілісмендердің пікірінше, мұндай нәтиже болатынын 2019 жылдың қазанында болжауға болатын. Сол кезде қаржыны игермегені үшін, жобаған бөліген қаржының 77% -ын қайтарар еді. 2019 жылдың 1 қазанында пайдалануға тек 1 957 орын берілген.

2019 жылдың қорытындысы бойынша  жатақханаға мұқтаж 2 мың студент уәде берілген орындарсыз қалды. Бір айта кетерлігі, бұл жатақхана күтіп жүргендердің тек 3% ғана. Жалпы қажеттілік — 90 484 орын. Олар 69 ЖОО мен 105 колледж студенттері.

Кей жерлерде ештеңе салынбаған

«Жыл сайын «Серпін» жобасы бойынша орта есеппен 3,5 мыңнан астам адам грант алады. Бұл әсіресе солтүстік шекара маңындағы облыстарға (Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары) қатысты.

Жобаның мақсаты оңтүстік және солтүстік аймақтар арасындағы демографиялық және экономикалық теңгерімсіздікті шешу»,

— деп отыр сарапшылар.

СҚО-да 3 мың орынға қажеттілік бола тұра, жаңа жатақхана салынған жоқ. Қостанай облысында да осындай жағдай (2,5 мың орынға қажеттілік).

Депутаттар:

  • Жаңа жатақханалар (әсіресе солтүстік өңірлерде) салу үшін жеке инвесторларды тарту жөніндегі жұмысты жандандыру.
  • Барлық мүдделі органдар мен құрылымдарды үйлестіруді қамтамасыз ету.
  • Құрылыс жұмыстарын жүргізетін шарттар мен келісімдер жасасу рәсімдерін созу тәжірибесін болдырмау.
  • Елбасының тапсырмасын іске асыруға қарастырылған бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету.

Колледждерде көрнекі құралдар болмағандықтан, қолда бар заттарды пайдаланып түсіндіреді

Депутаттардың басқа тобы басты міндеттердің бірі жастарды еңбекке тәрбиелеу деп атап өтті. Бұл туралы олар премьер-министр Асқар Маминнің атына сауал жолдады.

«Жоғары сынып оқушыларын, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының және жоғары оқу орындарының білім алушыларын еңбекке баулу бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттігіне үкімет назарын аудару керек.

Мектептерде еңбекке баулу сабақтарын жандандырып, аттестаттарымен бірге жұмысшы кәсіптердің куәлігін де бірге беру керек»,

— дейді депутаттар.

Депутаттар кәсіби техникалық білім беруге назар аударуға шақырды. Колледжде студенттерге тақырыпты түсіндіруге қажеті  техника, механизмдер мен зартханалық жабдықтар жоқ.

Мәселен Атбасар аграрлық-техникалық колледжінің иелігінде жер де, жануарлар да жоқ. Бұнда техника ғана емес, қарапайым құрал-саймандар да жоқ. Ол Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативте қарастырылмаған екен», — дейді.

 

Депутаттар колледж қажеттіліктері үшін өндіріс ұйымдастыруды ұсынды

Жақында әлеуметтік желілерде Түркістан облысындағы колледждердің біріндегі студенттердің сабаққа қатысуы төмен екенін жазған.

1,3 мың білім алушының 247-і ғана сабаққа келген.

Басқа колледждерде жағдайдың жақсы екеніне ешкім кепілдік бере алмайды. Нәтижесінде түлектер өз мамандықтары бойынша кәсіби жұмыс атқаруға  жарамсыз. Демек, жұмысқа да орналаса алмайды.

— Жақында біз лифт шаруашылығы мәселелерін талқыладық, олардың бірі кадрлардың жетіспеушілігі. Ал елордада үш колледж «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» мамандығы бойынша  маман дайындайды, онда  217 студент оқиды.

Олардың ішінде санаулы білім алушылар ғана мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Бұл студенттердің біліктілігінің төмендігінен болады,

— деп есептейді сұраныс жолдаушылар.

Мәжілісмендер сауалда бірқатар ұсыныстарды көтерді. Олардың арасында:

— Оқу орындарында ең алдымен өз сұраныстарын, сондай-ақ халық пен экономика салаларын қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтер өндірісін жолға қою керек,

ал бұдан түскен қаражат есебінен машиналар паркін жаңартып,  халық тұтынатын бұйымдар өндірісін жолға қою керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз