Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Конституцияда Елбасының рөлін бекіту ұсынылды

Оның айтуынша, ел азаматтарынан келіп түскен ұсыныстар сан алуан.

«Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін Конституция мәтінінде бекіту туралы да ұсыныс болды. Тіпті, ол өкілеттіктерінің басым көпшілігін беріп отырған жоқ па деген алаңдаушылық та болды. Ұсыныстар сайлаудан бастап биліктің жоғары тармақтары өкілеттіктеріне дейінгі біздің қоғамдық-саяси өміріміздің сан алуан бөліктерін қамтиды», – деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасына қатысты шешім әлі қабылданған жоқ.

«Ол әзірлеу және талқылау сатысында тұр. Бұл заң жобасын жақсарта түсетін барынша құнды ұсыныстар міндетті түрде ескеріледі», – деді Төлеш Қаудыров.

Айта кетейік, бұған дейін саяси реформалар жөніндегі жұмыс тобына 500-ден астам ұсыныс түскенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз