Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Елбасының КТК телеарнасының акцияларын сатып алғаны туралы ақпарат жалған

Бірқатар қазақстандық басылымдар Нұрсұлтан Назарбаевтың КТК телеарнасының акцияларын сатып алғаны туралы ақпарат жариялады.

Тұңғыш Президенттің акцияларды сатып алғаны туралы ақпараттың жаңсақ екенін мәлімдейміз.

КТК телеарнасы расында 2022 жылғы 14 наурызда өз акционерлері арасында бір данасы 500 теңге тұратын 2 622 850 жай акцияларын орналастырды. Оның ішінде 2 396 156 акция КТК телеарнасының ірі акционері – коммерциялық емес ұйым болып табылатын «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» Жеке қоры тарапынан сатып алынды. Мәміле КТК телеарнасын жаңғырту және дамыту мақсатында жасалды.

Оқырман қауымды жаңылыстырмау үшін әріптестерімізді болашақта ақпарат жариялағанда ресми ақпаратқа арқа сүйеуін және популистік тақырыптардан аулақ болуын сұраймыз.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз