Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астананың дамуына арналған жиын басталды.
Кездесу қала әкімдігінің ғимаратында өтіп жатыр, деп хабарлайды Today.kz.
Мемлекет басшысы мен елорда әкімшілігі қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын талқыға салады. Денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс, логистика, жол жағдайы мен “Байқоңыр” жаңа ауданының дамуы, сондай-ақ қалалық қызметтердің цифровизациясы да сөз болуда.