Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған ресми сапарлары жөнінде арнайы көрме ашылды.
«Қазақстан және АҚШ: жасампаздық жолындағы ынтымақтастық» деп аталатын құжаттамалық фотокөрмеге екі ел арасындағы мәдени-экономикалық байланысты айғақтайтын деректер қойылған деп хабарлады “Хабар-24”.
Бірінші бөлімде АҚШ-тың экс-президенті Джордж Буштың Қазақстанды тәуелсіз ел тану жөніндегі ресми хаты, екі жақты келіссөздер барысында түсірілген суреттер қойылған. Ал көрменің екінші бөлімі «Қазақстан халықаралық аренада» деп аталған. Онда еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы мәртебесі, әлемдік саясаттағы орны жайлы дәйектер жинақталған. Көрмеге АҚШ-тың Алматыдағы консулы мен БҰҰ-ның өкілі қатысып, өз пікірлерін білдірді.
– 1991 жылы 25 желтоқсан күні АҚШ президенті Джордж Буштың Қазақстанның тәуелсіздігін АҚШ-тың танитындығын мойындағаны туралы хаттың көшірмесі қойылып отыр. Ол хаттың түпнұсқасы Президент архивінде мемлекеттік сақтауда тұр.