Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде тараптар ҰҚШҰ шеңберіндегі әскери және өзара іс-қимыл әріптестіктері бойынша мәселелерді талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев және Сергей Шойгу «KADEX-2018» халықаралық көрмесінің маңыздылығын атап өтіп, екі елдің қорғаныс өнеркәсібінің ахуалын сөз етті.