Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге биылғы 25-тамызда Краснодар өңірінде жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустағы көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.
“Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау мен ниеттестігімді жеткізуді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін”, – делінген жеделхатта.