Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мұзафар Әлімбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жеделхатта Мемлекет басшысының көрнекті ақын, Ұлы Отан соғысының ардагері Мұзафар Әлімбаевтың дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.