Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Елбасы қазақстандықтардың жалақысын көбейтетін заңға қол қойды

Елімізде табысы төмен қызметкерлер үшін салық жүктемесі азаяды. Аталған норманы президент “Бес әлеуметтік бастама” үндеуінде ұсынған болатын. Оған сәйкес, табысы 60 мыңнан төмен қазақстандықтар үшін салық жүктемесі азайтылады.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдетуді ұсынған болатын.

https://kaz.365info.kz/2019-zhyldan-bastap-memlekettik-khyzmetkerlerdin-zhalakhysy-kobejedi-318967

Елбасының ұсынысынан кейін, парламент заңға енгізілген түзетулерді қабылдады.

Енді жалқысы төмен қызметкерлер үшін жеке табыс салығы он есеге төмендейді.

Ал салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалады. Осының нәтижесінде, Қазақстанда екі миллионнан астам тұрғынның жалақысы өседі.

Аталған норма 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, түзетулермен осы жылдың 1-шілдесінен кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.

https://kaz.365info.kz/elimizde-enbek-otili-30-zhyldan-askhandardyn-zejnetakhysy-eki-ese-artady-275182

Қосымша жәрдемақыны, шамамен, 14 мың отбасы ай сайын алатын болады. Жәрдемақы көлемі биыл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз