Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Елбасы қазақ-қытай біріккен жобасына енетін цемент зауытының құрылысымен танысты

Елбасыға «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің басқарма төрағасы Ли Минг жобаның жүзеге асырылуы туралы баяндады.

– Бүгінгі жүзеге асып отырған бірлескен жоба – Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының бірден-бір мысалы. Зауыттың негізгі өнімі – тампонажды цементтің 30 пайызы ТМД, Қытай және Орталық Азияға экспортталатын болады. Жоба құны 64 миллиард теңгені құрайды, – деді Ли Минг мырза.

Мемлекет Басшысы кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, зауыт құрылысы биыл басталды. Нысан 2019 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Кәсіпорында 260 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады. Бүгінде компания жергілікті 200 адамды жұмысқа қабылдауды бастады, 100 жұмысшыны Қытайға оқуға жіберіп, қалған 100 қызметкер жергілікті колледжде оқытылатын болады.

Жоба 51 бірлескен қазақстан-қытай жобалар тізіміне кірген. Бас мердігер «Чайна Триумф Интернэшнл» – халықаралық көшбасшы компаниялардың бірі, инженерлік жобаларды басқару және инженерлік бас мердігер болып табылатын үздік 50 ұлттық кәсіпорынның тізіміне енгенін атап өту қажет.

Тампонажды цемент зауытының өнімі құрылыс, мұнай-газ және уран өндірісінде кең қолданылады.

Айта кетелік, жалпыұлттық телекөпірде өңірлерден 10 мың жұмыс орны бар 25 индустриалдық жоба таныстырылды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз