Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Елбасы: Қаптап мешітке баратын жұрттың санасы қандай екенін ешкім білмейді

«Мен бізде қазір толық ағылшын тілінде жұмыс жасайтын университеттер, мектептер бар екенін білемін. Олар бәлкім ағылшын тілінде жарық көрген бұл кітаптарды оқитын шығар. Бірақ, біздегі студенттер мен оқушылар, жалпы қоғам ол оқулықтарды оқып отырған жоқ және ол білімнен шетте қалып қойды. Ал, егер олар шетте қалып қойса, онда біз дамыған 30 елдің қатарына қалай кірмекпіз? Мен біздегі басты діндер, яғни, иудаизм, христиандық, мұсылман діндері туралы кітаптарды парақтаған кезімде түсіндім, егер, біздің молдаларымыз соның барлығын білсе, анау террористерге де, экстремистерге де жауап берер еді. Қайдан шығып келе жатқанын айтар еді. Білмейді ол. Құранды оқытады. Діни қызметкерлер өз миссияларын жоғары деңгейде орындау үшін олар дін тарихын білулері керек, жаратушысы бір, жолдар әртүрлі екенін түсінулері керек», – деді Президент.

Елбасы әлемдегі дәстүрлі дін өкілдерінің съезінде жиналған уақытта да осы мәселе айтылатынын атап өтті.

«Алайда, бұған қарамастан, дін ішінде қандай соғыстар жүріп жатқанын қараңыздаршы. Қазірдің өзінде мұсылмандар арасындағы қырғын соғыс Еуропаның орта ғасырдағысымен бірдей. Париждегі католиктер мен протестанттардың арасындағы соғыс қазір шииттер мен сунниттердің арасындағы соғыс сияқты. Сол уақытты қазір біз бастан кешіріп жатырмыз. Сондықтан, діннің тарихын білу арқылы басқа жолға түсіп кеткен білімсіз жастарға түсіндіре алатын біздің діни қызметкерлер үшін құндылық болып саналады. Жалпы, барлығымыз білуіміз керек. Себебі, бәріміз дін дейміз, намаз оқимыз, жұрт қаптап мешітке барады, ал ішіндегі санасы қандай, оны ешкім білмейді. Құр әншейін елмен бірге шуылдап жүре беру керек деп санайды. Олай емес. Әрқайсысының өз мағынасы бар, дүниежүзінде ол мәселе талданған», – деді Назарбаев.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз