Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Елбасы Франсуа Олландпен кездесіп, ЭКСПО көрмесін сөз етті

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстар, соның ішінде «жасыл технологиялар» саласындағы ықпалдастық нығайып келе жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев баламалы энергетиканы дамыту үшін Қазақстан тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, соның ішінде «ЭКСПО-2017» кешенінің базасында құрылатын «Жасыл» экономика орталығы жөнінде әңгімеледі.

Франсуа Олланд кездесуге мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, Қазақстан Президентінің мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

– Қазақстанға бұған дейінгі келгенім есімде. Сіз маған сол кезде қонақжайлылық танытып, қарсы алдыңыз. Сосын сіз Парижге сапарлап келдіңіз. Біз қарым-қатынасымызды одан ары тереңдете түстік. Біздер достық қатынаста байланысымызды жалғастырдық, – деді Франсуа Олланд (2012-2017 жылдар аралығында Франция президенті болған).

Айта кетелік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы Астана экономикалық форумының жалпы отырысы барысында сөйлеген сөзінде «жасыл экономиканы» дамыту мен табиғи ресурстарды тиімді қолдану бойынша Жол картасын әзірлеуді ұсынған еді.

ЭКСПО кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға дейін еліміздің «жасыл экономи­кадағы» үлесі 3 пайызға жетуі керек деп Үкіметке міндет жүк­теген болатын. Сондай-ақ Президент осы мақ­­сатта «жасыл энергиямен» айналысатын 50-ден ас­там компания ашылады деп мәлімдеген бо­латын. Олардың жалпы қуаттылығы 2 мың ме­га­ватты құрайды. Сонымен қатар Елбасы Үкі­мет­ке Қазақстандағы балама энергия көздерін игеруді 2030 жылға дейін – 30, ал 2050 жылы 50 пайызға жет­­кізуді міндеттеп отыр. Қазіргі таңда елімізде «жа­­сыл экономиканы» дамыту мақса­тында бір­қа­тар жұмыс жасалып жатыр. Мәселен, былтырдың өзінде елімізде баламалы энергия қуатынан электр өндіретін 5 нысан бой көтерсе, ал тағы да 10-ны қатарға келіп қосылмақ.

Бұдан бөлек, еліміздің ірі қалаларында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыттары қолданысқа берілгелі жатыр. Бұл ретте қала әкімдігінің осы саламен айналысатын қызметкерлері шетелдерге тәжірибе жинақтауға жіберіліп, үлкен жұмыстар атқарылуда. Энергияны үнемді пайдалану жағынан да да жергілікті атқарушы билік көптеген жобаларды қолға алуда. Осының барлығы ЕХРО кезінде көрмеге қойылған жасыл технологиялардың көмегімен іске асып, еліміздің қоршаған ортаға зияны еселеп азаюда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз