Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Елбасы екі ауылды асырап отырған қостанайлық кәсіпкерді үлгі етті

Тимофей Снегирёв, шаруашылық бригадирі:

– Барлық жағдай жасалған. Жалақы ренжітпейді, жыл он екі ай уақытылы алып тұрамыз. Өзім інім екеуміз Солтүстік Қазақстаннан көшіп келдік. Балаларым мектепте оқиды. Бізге мұнда жұмыс істеген ұнайды.

Мемлекет қолдауы арқасында кәсіпкер аз жылда еңсе тіктеді. Тиісінше егіс алқабы да ұлғайды. Нұркелген Өтеулин басқаратын бүгінде серіктестік 7 мың гектар танапқа тұқым себеді. Жаңашыл диқанның шаруашылығын Елбасының өзі аралап, бастамаларына батасын берген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Өзіміздің ел, өзіміздің жер, өзіміздің жігіттер алып, осылай жұмыс істеу керек ғой. Жұмыс істе, біз көмектесеміз.

«Президент сенімі маған үлкен жауапкершілік жүктеді. Біз алдыңғы кезекте мамандарға жағдай жасауымыз керек», – дейді, диқан. Бүгінде Майкөл ауылында бос үй аз. Көшіп кеткендер болса, кәсіпкер жас мамандарға сатып алып береді.

Нұркелген Өтеулин, шаруашылық басшысы:

– Жұмыскерлердің жағдайын білу керек, мал ұстайды ғой, шөбін, сабанын, бидайын беру керек. Және де жақсы мектеп болу керек ауылда. Жақсы дәрігер болу керек.

Рязанов ауылындағы бастауыш мектептің салынғанына 30 жылдан асқан. Тозығы жеткен ғимаратты шаруашылық өз қаражатына жөндеп берді.

Татьяна Горбачёва, Рязанов бастауыш мектебінің меңгерушісі:

– Бастауыш мектеп ауыл үшін аса қажет. Егер мектеп болмаса, елді мекен тарап кетер еді. Шаруашылықтың жәрдемі арқасында мұнда бәрі қалыпты жұмыс істеп тұр. Ғимарат таза, жылы, жарық.

Егіс науқанын уақытылы жүргізіп, танаптардың күтімін жасай білген шаруашылық биыл гектарынан 15 центнерден өнім алды. Серіктестік нарық талабына сай алқаптарды әртараптандыруға баса назар аударып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз