Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Елбасы қазақ-түрік лицейлерін тексеріп, заңсыз ештеңе таппағанын мәлімдеді

Мемлекет басшысы мектептерді жергілікті атқарушы органдар қаржыландыратынын атап өтті.

– Түркияға қарсы жұмыс істейтін күштерді біз еш уақытта қолдамаймыз. Бұл біздің мүддемізге жатпайды. Сондықтан біз бүгін елдеріміздің білім беру министрліктері жұмыс тобын құрып, әр мектепті тексереді деп уағдаластық, – деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлкет басшысы бұл лицейлер тексерілгенін және олардан заңсыз ештеңе таппағанын атап өтті.

– Біз жүргізген тексеріске сәйкес, олар ешбір қазақстандық заңдарды бұзған жоқ. Оқыту бағдарламасы ҚР білім министрлігінің оқу бағдарламасы негізінде жасалады, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы, егер бұл мектептерде Түркияға қарсы бағыттағы адамдар болса, онда Қазақстан мұны еш уақытта қолдамайтынын, тиісті шара қолданатынын және Түркияның барлық өтініштерін орындайтынын қоса айтты.

– Осы мектептерде барлық ата-аналар өз балаларын оқытқаны үшін ақы төлейді. Білім беру сапасы өте жоғары. Білім алатын 9 мың баланың бірнеше мыңы әлемдік олимпиада, байқаулардың жеңімпаздары, олардың барлықтары университеттерге түседі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Қазақстанда түрік лицейлерін құру марқұм Тургут Озал кезінде басталғанын еске алды.

«Біз – бұл мектептерді, егер жастарымыз біздің тілдерді білсе, бір-біріне жақын болады деген ниетте құрдық», – деп сөзін түйіндеді Елбасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз