Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

Қазақстан президенті қазіргі уақытта экономиканың түрлі секторларында, соның ішінде мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы және атом өнеркәсібі салаларында бірқатар бірлескен жобаларды іске асыру жоспарланып отырғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев мұсылман елдері арасында заманауи технологияларды дамыту жағынан Біріккен Араб Әмірліктері көш бастаушылардың бірі болып отырғанын атап өтті.

“Болашақтағы өзгеріске сай боламын десең, бүгін өзің өзгер” деген дана сөз бар. Сіздер сол жолдан таймай келесіздер”, – деді мемлекет басшысы.

Абу-Дабидің тақ мұрагері екі жақты байланыстар серпінді дамып келе жатқанын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту ісіндегі белсенді рөліне тоқталды.

“Біз көп нәрсені сіздерден үйреніп келеміз. Сіздің реформаларыңыз уақыт талабына сай жүргізілуде. Қазақстан Сіздің көреген саясатыңыздың арқасында тұрақты дамып келеді”, – деді шейх Мұхаммед бен Заид Әл  Наһаян.

Келіссөздер барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз