Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ел өзгермейтін болса, жастарды шетелде оқытып не керек?

123

Шетелде оқымасақ та оқығандардың əңгімесін тыңдап елегізіп қоямыз. Бірақ бəріміз осы елден кетіп қалсақ не болады?

Біздегі ең үлкен проблема – ұлттық идеология жоқ. Патриотизм жоқ. “Болашақпен” оқитындардың стипендиясы салыстырмалы түрде жоғары. Қолына шетте жүргенде молырақ ақша ұстап қалғандар елге келгенде аз жалақыны менсінбейді.

 Сондықтан шетел асқысы кеп тұрады. Бірде “болашақтық” бір қыздан сұқбат алғанымда “Болашақпен” оқығандардың бəрін мемлекеттік қызметке қою керек” деген еді.

Сөзінің жаны бар. Біз сонша ақшаны шығындап неге жастарымызды шетелге оқытып жатырмыз? Жиырма жылда олар өз жемісін беретіндей уақыт болды ғой. Шетелде оқыған білімдері мен тəжірибелерінің игілігін қашан көреміз? Неге біздің елде барлық салада дағдарыс?

Неге жаңа серпін жоқ шетелде оқып келгендерде?

Біз жастарды 5 жыл жұмыс өтілін үйтіп-бүйтіп өтетіп, қайта шетел асу үшін оқытып жатырмыз ба? Əрине, бəріне бірдей Алматы, Шымкент сияқты мегаполистердің əкімі болу бақыты бұйырмайды.

Бірақ “болашақтықтар” арасынан лидерлер шығу керек қой. (Лидер дегенде əлеуметтік желіде өз пиарларын жасайтындарды айтып отырғам жоқ).

Қоғам болып “Болашақтың” жемісін талап ету керек шығар.

Ел өзгермейтін болса, жастарды шетелде оқытып не керек?

 

Жадыра Нармаханова

Фейсбуктегі парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз